
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді.
Аталған іс-шара барысында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындау, мемлекеттік қызметшілердің конкурстарға қатысуы сынды сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауап алынды.