Нұр-сұлтанда АҚШ-тың Орталық Азиядағы Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID/CA) өкілдерімен кездесу өтті

Нұр-сұлтанда АҚШ-тың Орталық Азиядағы Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID/CA) өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылғы 17 ақпанда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде төраға Асан Дарбаев бастаған ведомство басшылығы АҚШ-тың Орталық Азиядағы Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID/CA) аймақтық миссиясымен кездесті.

Аталған миссияның мақсаты - Комитетпен, ҚР Энергетика министрлігімен және Қазақстанның энергетикалық секторының басқа да негізгі ұйымдарымен әрі қарай егжей-тегжейлі техникалық тапсырманы дайындау үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, техникалық көмектің басым мәселелері мен бағыттарын айқындау.

USAID/CA өкілдері Қазақстан тарапын Қазақстанда және Орталық Азияда техникалық қолдауды кеңейту ниеті туралы ақпарат етті.

Өз тарапынан ведомство атынан Асан Дарбаев USAID/CA өкілдеріне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді және Комитет қызметі бірінші кезекте тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында NARUC-USEA делегациясы АҚШ-USEA энергетикалық Қауымдастығы мен NARUC коммуналдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің Ұлттық қауымдастығы жүзеге асыратын бағдарламалар аясында Қазақстандағы энергетика саласында техникалық көмек көрсету желісі бойынша әрі қарай ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын ұсынды.

Анықтама үшін:

USEA жүзеге асыратын Энергетикалық компаниялармен әріптестік бағдарламасы энергия жүйелерін басқару және оларды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қолдау, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, сондай-ақ энергия ресурстарының әр түрлі түрлерін осы елдердің энергия жүйелеріне интеграциялау үшін USAID желісі бойынша көмек алатын елдерде энергетикалық компаниялардың және энергетикалық сектордың басқа да ұйымдарының әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

NARUC жүзеге асыратын Энергетиканы реттеу саласындағы әріптестік бағдарламасы реттеуші органдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, ашық энергетикалық нарықтарды құруға, әріптес елдердің энергетикалық секторларында тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде Комитет төрағасы Асан Дарбаев миссия өкілдерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан тарифтік саясат және Комитеттің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасында одан әрі ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізілді.