Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 14 ақпанында Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде «Дәулетэнерго» ЖШС-нің электр энергияның алдағы уақытта шекті бағасының өзгеретіні туралы хабарламамен ұсынылған бағалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.
«Дәулетэнерго» ЖШС-ның тұтынушылар үшін электр энергиясымен жабдықтау қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1 кВт/сағатқа 18,40 теңге құрады.
Жария тыңдауға аудандық мәслихат хатшысы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.
Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департамент түпкілікті шешімді 2020 жылдың 27 ақпанында қабылдайды.