Асан Дарбаев таза энергетика бойынша Орталық Азия форумында қатысуда

Асан Дарбаев таза энергетика бойынша Орталық Азия форумында қатысуда

Бүгін Алматыда АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен таза энергетика бойынша Орталық Азия форумы өтіп жатыр, онда елдердің энергетика саласындағы басым қажеттіліктері мен осы сала бойынша көптеген басқа да маңызды мәселелерді талқылау үшін энергетика секторының мүдделі тараптарының 200-ге жуық өкілі жиналды.

Екі күндік семинарға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің атынан ТМРК басшысы Асан Дарбаев және ведомствоның Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы Кенжеболат Көшекбаев қатысып жатыр.

Форумда климаттың өзгеруі саласындағы негізгі бастамаларға, электр ауысуын қолдау үшін инновацияларға, технологиялар мен қаржыға, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік нарықтық ынтымақтастық пен электр энергиясы саудасының мүмкіндіктері мен проблемаларына басты назар аударылды.

Бұл форум энергетика саласына байланысты мәселелерді шешу аясында мәселелерді талқылау және пікір алмасу үшін жақсы алаң болады.