
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 17 қазандағы №1 нұсқамасын даулауға қатысты «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның өтінішін қарау нәтижесінде СҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды.
Солтүстік Қазақстан облысының аппеляциялық алқасы 2020 жылғы 5 ақпанда бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Еске сала кетейік, жылумен жабдықтау қызметін тұтынушыларға 2018-2019 жылғы жылыту маусымы бойынша жалпы сомасы 30 149 582,02 теңгеге қайта есеп жүргізу нәтижесінің күшін жою бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-на талаппен Департамент 2019 жылғы 17 қазанда №1 нұсқама шығарған болатын.