ТМРК-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ТМРК-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның теміржол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағаның жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар өтті.

Жария тыңдауларға «Атамекен» ҰКП-ның, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау Комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен өтті, ол барлық қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

Жария тыңдаулар Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы көрсетілді, онда әрбір адам нақты уақыт режимінде субъектінің өтінімі бойынша сұрақ қоя алды.

Жария тыңдауларда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Омарбекова спикер болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның өкілі өз сөзінде бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес Комитетке ұсынылған растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, көтерілу себептері туралы хабарлады.

 «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС нақты шығындары Комитетпен келісілген тарифтік сметадағы шығындардан едәуір асып түседі, тауарлар мен қызметтер бағасының, сондай-ақ теміржол көлігі қызметкерлерінің жалақысының өсуіне байланысты нақты шығындардың артуымен байланысты қаржылық нәтиженің нашарлауы байқалады. Осының негізінде өтелмеген шығындар локомотивтік тартым қызметтеріне тарифті орта есеппен 40%-ға арттыруды талап етеді», - деп атап өтті Шолпан Омарбекова өз сөзінде.

Сонымен қатар, жария тыңдаудың қатысушылары, оның ішінде БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар алды.

Қауымдастық өкілдері мен Атырау облысының «Тұтынушылар құқығын қорғау» ҚБ президенті Балжан Досмұхамбетова «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның тарифі жобасы бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, Нұрлан Болатбаев барлығына қатысқаны және ұсыныстарын белсенді айтқаны үшін алғыс айтып, және бұл талқылауға ұсынылған тек жоба ғана, және түпкілікті шешім «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің өтінімін табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қарау қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатынын атап өтті.

Комитет жария тыңдаудың қатысушыларының пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысатынын айта кету керек.