
Кезекті баспасөз туры ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтеді.
Осы жолы Тарифтік ведомство басшысының қатысуымен баспасөз тур Қонаев қ. өтетін болады, оның ұйымдастуршысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті болып табылады.
Баспасөз тур табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында өткізілетін болады.
Баспасөз турының қатысушылары «Қонаев су арнасы» МКК-ның нысандарында өтеді, яғни сүзгі станциясы және кәсіпорынның кәріз құрылыстарының аумағына бару жоспарлануда.
Баспасөз турдың өтетін күні мен уақыты: 2022 жылғы 14 қыркүйекте, сағат 12:00-де.
Нысандарға бару үшін жиналатын орын: Қонаев қаласы, «Қонаев су арнасы» МКК-ның әкімшілік ғимараты, Койчуманов к-сі 4.
Департамент аталған іс-шараға облыс және қалалық маслихат депутаттарын, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7282) 24-28-25, 87017356547 телефондарына қоңырау шалуға болады.