Ақтөбе облысында «Энергосистема» ЖШС-ның тарифі төмендетілді

Ақтөбе облысында «Энергосистема» ЖШС-ның тарифі төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өңірлік электр желілік компаниясы «Энергосистема» ЖШС-ы реттеліп көрсететін электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифін төмендетуге бастамашылық жасап, 2020 жылға тарифіне талдау жүргізді.

Нәтижесінде, Департаменттің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 14-НҚ бұйрығымен «Энергосистема» ЖШС-ның электр энергиясын беру және бөлу қызметіне тарифті 1 кВт-ны 4,62 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендетілді.

Бұл қолданыстағы тарифтен 0,04 теңгеге немесе 1%-ға төмен.

Бекітілген тариф 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.