ЕҚҚДБ өкілдерімен кезекті кездесу өтті

ЕҚҚДБ өкілдерімен кезекті кездесу өтті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитет қабырғасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) өкілдерімен кезекті кездесу ведомство басшысы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтті.

         Кездесуде, сондай-ақ ЕҚҚДБ тарапынан кеңесшілер қатысты, олар табиғи монополиялар саласындағы әзірленіп жатқан жобалардың егжей-тегжейін қозғады, соның ішінде «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу», «Қазақстан Республикасындағы ТКШ саласында әлеуметтік қолдау жүйесін реформалау», «Қазақстан Республикасында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау секторларындағы тиімділік көрсеткіштеріне негізделген келісім-шарттардың жобаларын әзірлеу» және «Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтік реформасының экономикалық талдауы және магистральдық темір жол желісі қызметтеріне тариф белгілеудің жаңартылған әдіснамасын әзірлеу».

         Бұдан әрі екі жақ жобаларға, соның ішінде есептерге ескертулер мен ұсыныстарды талқылады.

         Кездесу соңында екі жақ та жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шеңберінде жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.