Шарбақты ауданында «Победа» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Шарбақты ауданында «Победа» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 18 ақпанда сағат 1500-де «Победа» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік смета жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды.   

Жария тыңдау Шарбақты ауданы, Орловка ауылы, 1 май көшесі, 33 (мәжіліс залы) мекенжайында өтетінін хабарлайды. 

Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 325585.

«Победа» ЖШС-ның байланыс телефоны - 8 (71836) 29795.