Тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау онлайн режимде өткізілді

Тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау онлайн режимде өткізілді

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін онлайн режимінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және ведомствоның салалық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті.

Мамандар табиғи монополиялар туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтудан бастады.

Бұдан кейін салалық басқармалардың әрқайсысы реттелетін нарықтардың тарифтерін белгілеу мәселелеріне тоқталды.

Қабылдау барысында сұрақтар келіп түсті, оларға ТМРК төрағасының орынбасары тиісті жауаптар берді.

Айта кету керек, бұл қоғамдық қабылдауды тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар ведомствоның «Facebook» парақшасы арқылы тікелей эфирде көре алды.