Қарқаралы қаласында «Игликова А.З.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Қарқаралы қаласында «Игликова А.З.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «А.З. Игликова» ЖК-ның жылу энергиясын беру қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекіту  өтінімін қарау бойынша жария тыңдау 2020 жылғы 11 ақпанда өткізді.

Жария тыңдауға мемлекеттік органдардың өкілдері және қызмет тұтынушылары қатысты.

Қарқаралы қаласындағы «А.З. Игликова» ЖК-нің басшысы тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.