
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауыл тұрғыны Д. Саттаровтың және басқа да тұрғындарының «ТАС КУМ СУ» ЖШС-ның суға жоғары тарифке қатысты өтінішін қарастырды.
Осыған байланысты, уәкілетті орган «Тас Кум Су» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде, 8 944,56 мың теңге негізделмеген пайда мөлшері анықталды.
Осыған орай, Департаменттің 2020 жылғы 10 ақпандағы №22-НҚ бұйрығына сәйкес «Тас Кум Су» ЖШС-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша өтемдік тариф бекітілді. Бұйрық ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді
Сонымен, орташа тариф 1 метр кубқа 45,31 теңгеге немесе 26,9% төмендеді, дәлірек айтқанда 168,39 теңгеден 123,08 теңгеге.
Халық санаты үшін 1 метр кубқа 60,51 теңгеге төмен немесе 36,7% төмендеді, дәлірек айтқанда 165,09 теңгеден 104,58 теңгеге.
Өзге де мекемелер санаты бойынша 1 метр кубқа 72,61 теңгеге немесе 36,7% төмендеді, дәлірек айтқанда 198,11 теңгеден 125,50 теңгеге.