
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісі «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ның өкілдерімен бірлесіп, жылумен жабдықтау мәселелерін кешенді шешу үшін тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдауға жергілікті атқарушы органдары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Қабылдауға техникалық шарттарды алуға және шарт жасасуға қатысты мәселелермен 2 кәсіпкер ЖК «Бариева» және «Арулан» ЖШС жүгінді.
Осыған байланысты, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС өкілдері толық түсініктемелер берді, ал Департамент басшылығы субъектіге нақты тапсырмалар беріп, барлық сұрақтарды ерекше бақылауға алды.