
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ ауданындағы «Тумир» өндірістік кооперативінің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.
2020 жылдың 21 ақпанында сағат 12:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Ават селосы, Абылайхан көшесі №30, Мәдениет Үйінің ғимаратында өтеді.
Жария тыңдауға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 24-28-25.