
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру қызметтеріне жобалық тарифтерін талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 11-00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Абай көшесі, 1 Н строениесі, «Арал» СЖКБД филиалының ғимараты, мәжіліс залы.
Жария тыңдауға депутаттар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және тұтынушылар шақырылады.
Анықтама үшін телефондар: 26-23-67, 27-79-74, 26-37-98.