
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Д. Саттаровтың және Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы тұрғындарының «ТАС КУМ СУ» ЖШС-не қатысты өтініштері аясында «Тас Кум Су» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасына талдау жүргізді.
Нәтижесінде 8 944,56 мың теңге негізделмеген пайда мөлшері анықталды.
Осыған орай Департаменттің 2020 жылғы 11 ақпандағы №22-НҚ бұйрығына сәйкес «Тас Кум Су» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекітілді. Бұйрық ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді және халық санаты үшін 1 метр кубқа 104,58 теңгені құрайды, өзге де мекемелер санаты бойынша 1 метр кубқа 125,50 теңгені құрайтын болады.