Батыс Қазақстан департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді

Батыс Қазақстан департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының тарифті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалармен мен  тарифтерді арттыруға қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау  жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру мақсатында өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруін түсіндіру бойынша баспасөз маслихатын (брифинг) өткізді.

Қазіргі уақытта Департамент, Батыс Қазақстан облысы бойынша Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген 46 табиғи монополия субъектісінің және Республикалық тіркелімге енгізілген 2 табиғи монополия субъектісінің қызметтерін реттейді. Аталған субъектілер 56 реттелетін қызметтерді жүзеге асырады. Соның ішінде: 11 – жылумен қамту саласында, 5 – электр энергиясын тасымалдау саласында, 28 – сумен жабдықтау саласында, 4 – суды бұру саласында, 1 – газды тасымалдау саласында, 7 – кірме жолдар қызметі саласында.

2020 жылға бекітілген тарифтің шекті деңгейінің шеңберінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ң Батыс Қазақстан өндірістік филиалының тауарлық газды тасымалдау қызметінің тарифі 1000 м3 үшін 2615,37 теңгеден 3876,54 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) немесе 48,2 пайызға өсуі күтілген болатын.

Алайда, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен бірлесе жүргізілген бірқатар жұмыстарының нәтижесінде тариф қолданыстағы деңгейде – 2615,37 теңге мөлшерінде сақталып қалды.

Сәйкесінше, газбен жабдықтау қызметінің ақырғы бағасы 2019 жылдың деңгейінде қалды.

Ал, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, суды бұру қызметтері бойынша тарифтер бұрын бекітілген деңгейде өзгеріссіз қалды.

Сонымен бірге, айта кету қажет, 2018 жылдың қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының орындалысы туралы есептерін талдау нәтижесінде 2019 жылы Департаментпен 45 табиғи монополия субъектісінің 302,27 млн.теңге мөлшерінде негізсіз табыс алғаны анықталды. Нәтижесінде көрсетілген 45 табиғи монополия субъектісіне 58 уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Тарифтің төмендетілуі 0,1 пайыздан 65,3 пайызға дейін құрады.

Департамент, табиғи монополия субъектілерімен қатар бөлшек саудада электр энергиясын сату қызметін жүзеге асыратын қоғамдық маңызы бар субъекті – «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ң қызметін реттейді.

2019 жылдың аяғында «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-гі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын бөлшек саудада сату бағасын өсіру туралы хабарламамен жүгінді. Субъектінің ұсынған бағасының жобасы 1 кВт/сағат үшін 17,80 теңге ні құрады, соның ішінде: тұрғындар үшін – 12,63 теңге (ҚҚС-мен 14,15 теңге), басқа тұтынушылар үшін 19,48 тенге (ҚҚС-мен21,82 теңге).

Департаментпен жүгізілген сараптаманың нәтижесінде субъектімен ұсынылған шекті бағаның жобасы дәлелді бағаға дейін төмендетілді, яғни, шекті баға 1 кВт/сағат үшін 16,91 теңге, соның ішінде: тұрғындар үшін – 11,29 теңге (ҚҚС-мен 12,64 теңге), басқа тұтынушылар үшін – 19,48 теңге (ҚҚС-мен 21,82 теңге).

Бұрынғы қолданыстағы бағамен салыстырғанда электр энергиясының бағасының өсуі тұрғындарға 0,99 теңгені немесе 9,6 пайызды, басқа тұтынушылар үшін 1 теңгені немесе 5,4 пайызды құрады.

Тарифтің көтерілуі Энергетика министрлігімен 2019 жылдың қазан айынан бастап электр станцияларына жаңа тарифтер бекітуімен (Батыс Қазақстан облысы бойынша электр станцияларының бағалары 4-тен 10%-ға өсті) және 2020 жылдан бастап электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің бағасының 30%-ға жуық көтерілуіне байланысты болған амалсыз шара болып табылады.

Осы орайда, Департаментпен тұрғындар үшін тарифтің өсуін ұстап тұру мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылып отырады.