
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2022 жылғы 9 қыркүйекте сағат 11-00-де «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің теміржол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағаны көтеру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізу жоспарланғаны туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, кіреберіс 11, кабинет № 439 мекенжайында өтеді.
Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар паралельді түрде онлайн режимде «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.
Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады:
Жария тыңдауға қатысуға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері шақырылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 124-6 бабы 6) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларға (тауарларға) бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаларын қарау кезінде Жария тыңдаулар өткізетінін қосымша хабарлаймыз. («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің теміржол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағаны көтеру мәселесі бойынша ақпарат ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).
Комитеттің және «ҚТЖ – жүк тасымалы» ЖШС - нің байланыс телефондары және интернет – ресурсының мекенжайы : тел. +7 (7172) 74-22-06, 74-25-13 www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел.+7(7172) 60-37-00 www.ktzh_gp@railways.kz.