Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ және «Теплокоммунэнерго» МКК нысандарына барды

Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ  және «Теплокоммунэнерго» МКК нысандарына барды

Бүгін, 2022 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жұмыс сапарымен Семей қаласына (Абай облысы) келді, онда «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ және «Теплокоммунэнерго» МКК-ның нысандары бойынша баспасөз турына қатысты.

Баспасөз турды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды және өткізді.

Асан Дарабаев баспасөз туры барысында субъектінің келесі бесжылдыққа арналған инвестициялық бағдарламаларының орындалуымен танысты.

Баспасөз турына қоғам және БАҚ өкілдері де қатысты.

Бірінші кезекте баспасөз-тур қатысушыларына «Біріккен энергосервистік Компания» АҚ жұмысы көрсетілді. Басқарма Төрағасының орынбасары Бақытжан Қайратұлы Жаңабаев нысандармен таныстырды.

Баспасөз турының қатысушылары барған нысандар - 110/35/6кВ №2 қосалқы станциясы болды.

№2 110/35/6кВ қосалқы станциясы.

2021 жылғы инвестициялық бағдарлама шеңберінде қуаты 31500 кВА екі күштік трансформаторды, қуаты 63000 кВА ТДТН үлгісіндегі бір күштік трансформаторды, саны 4 бірлік 110 кв май ажыратқыштарын элегазды ажыратқыштарға ауыстыру орындалды.

2022 жылы қолданыстағы 110 кВ ескірген жабдықты қуаты 63000 кВА ТДТН үлгісіндегі қазіргі заманғы күштік трансформаторға ауыстыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 35 кВ жағында ашық қондырғының ескірген жабдығын (АТҚ-35 кВ) КРУН-35 кВ жабық тарату құрылғысына ауыстыру көзделген.

Жобаны іске асыру: тұтынушылар санын ұлғайтуды; авариялардың туындау ықтималдығын және электр энергиясын толық жібермеуді барынша азайтуды; тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруды; бактарды жылытудың энергия шығыны бар май ажыратқыштарын ауыстыру есебінен қосалқы станцияның өз мұқтаждарын тұтынуға арналған шығыстарды азайтуды; май толтырылған жабдықты пайдалану кезінде қоршаған ортаның ластану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етеді.

2021 жылы инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде 39 іс-шара бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оның ішінде 27 іс-шара бойынша ЖСҚ әзірленді және 12 іс-шара бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысы алынды.

Тарифтік ведомствоның басшысы Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның энергия беру саласындағы рөлін атап өтіп, инвестициялық бағдарламалар шеңберінде соңғы тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасы тәуелді облыстың жабдықтаушы ұйымдарына электр энергиясын беру бойынша қызметті сапалы жүзеге асыруда өзінің міндеттемелерін орындауының маңыздылығын атап өтті.

Одан әрі, қатысушылар «Теплокоммунэнерго» КМК объектісінде Семей қ. «Ғаббасова» қазандығында баспасөз турын жалғастырды.

«Ғаббасова» қазандығы жылу энергиясын өндірумен айналысады. Барлық жағынан шығарындылардың шеткі көздерінен 50 м қашықтықта тұрғын үй құрылысы орналасқан. Қазандық қаланың орталық бөлігіндегі тұрғын үйлерді жылытады. Жылу көздерінде КЕ-25-14С маркалы 3 бу қазандығы орнатылған. екі құбырлы есептеу кезінде жылу желілерінің ұзындығы 10,455 км құрайды. Қосылған абоненттердің жалпы саны – 2378 бірлік.

Қазіргі уақытта «Ғаббасов» қазандығын қосымша қондырғымен қайта жаңарту 20 Гкал/сағ су жылыту қазандығы. Құрылыс сомасы-1 239,345 млн.теңге. 2022 жылы-1001,950 млн.теңге, жергілікті бюджет – 1,950 млн. теңге, республикалық бюджет – 1 000,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта темірбетон конструкцияларының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 59 621,629 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді.

Аталған іс-шаралар 2022-2023 жж.жылыту кезеңінің апатсыз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қосымша қазандықты орнату қазандықтың қолда бар қуатын арттыруға, тапшылықтың болуын қысқартуға мүмкіндік береді.

 Баспасөз туры барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектілердің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды.