Маңғыстау облысының департаменті брифинг өткізді

Маңғыстау облысының департаменті брифинг өткізді

Мемлекет басшысының тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне баға мен тарифтердің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған  тапсырмаларын орындау  шеңберінде, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау  облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен және Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп, тұрғындар үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруін түсіндіру бойынша 2020 жылғы 7 ақпанда брифинг өткізді.

Брифинг барысында Департамент басшысының м.а. Кенжеболат Кошекбаев Маңғыстау облысындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді ұстап тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті, сонымен қатар Маңғыстау облысының тұрғындарына арналған коммуналдық қызметтерге тарифтер 2020 жылы бұрын бекітілген деңгейде қалғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Департамент алдағы уақытта да коммуналдық қызметтерге тарифтерді ұстап тұру бойынша жұмыстар және ТМС және қоғамдық маңызы бар нарықта тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.