Жамбыл облысының департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді

Жамбыл облысының департаменті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерінің өзгеруіне байланысты тұрғындар арасында түсініктемелік жұмыстар жүргізу мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен  2020 жылғы 10 ақпанда баспасөз конференциясын (брифинг) өткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) негізгі қызметі - ол табиғи монополиялар субъектілерін қызметін реттеу және табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 57 түрін көрсететін 37 табиғи монополия субъектісін және  бір қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағаларын реттейтін орган болып табылады.

 Олардың ішінде:

-  сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 22 ТМС;

-  сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 11 ТМС;

-  табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 3 ТМС;

-  суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;

-  жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 14 ТМС;

-  кірме жолдары қызметтері бойынша – 4 ТМС;

-  электрэнергиясын беру және бөлу бойынша қызметтері – 1 ТМС.

2020 жылғы 1 қаңтантарынан бастап Жамбыл облысы бойынша тек қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-нің электрқуатымен жабдықтау қызметі бойынша тарифтер қайта қаралған болатын, алайда тарифтің өсуі тек бюджеттік мекемелерге ғана қарастырылды, атап айтқанда олардың тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт/сағ. үшін 24,18 теңгеден 28,09 теңгеге дейін көтерілді, немесе ол 16,15 % құрайды, ал тұрғындардармен және өзге заңды тұлғаларға бекітілген тариф өзгеріссіз қалды.