Нұр-Сұлтан қаласында «Шатл» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Шатл» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы 10 ақпанда «Шатл» ЖШС-ның көрсетілетін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді мен тарифтік сметаларды бекітуге берілген өтінімді талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауға тарифтік саясат жөніндегі кеңестің Өңірлік комиссиясының мүшелері және тұтынушылар қатысты.

«Шатл» ЖШС-нің өкілі М.И. Мацаков осы қызметі бойынша тарифтің жоғарлау дәлелдігі туралы баяндама жасады.

Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша, айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен 2020 жылдың 21 ақпандағы шешімі қабылданатын болады.