Алматы облысында «Ж Қаскелең» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Алматы облысында «Ж Қаскелең» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Ж Қаскелең»  ЖШС-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтері және тарифтік сметаларды бекіту  өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулары 2020 жылғы 3 ақпанда өткізді.

Жария тыңдауларына қызмет тұтынушылар, жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.

«Ж Қаскелең» ЖШС-ның экономисті Байсалбаева К.А. тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша  тарифтің жобасы 102,77 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз. Сарқынды суды бұру қызметі бойынша  тарифтің жобасы 104,62 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.