АНОНС: Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ және «Теплокоммунэнерго» МКК объектілеріне барады

АНОНС: Асан Дарбаев  «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ  және «Теплокоммунэнерго» МКК  объектілеріне барады

Тарифтік ведомствоның басшысы «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ және «Теплокоммунэнерго» МКК – ның Семей қаласында өтетін баспасөз турына қатысады және оның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады.

         ТМРКД баспасөз турын табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін орындау, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында өткізетін болады.

Баспасөз туры нысандар бойынша өтеді:

  1. «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның №2 110/35/6кВ қосалқы станциясы – қосалқы станцияларды қайта құру.

  2. «Теплокоммунэнерго» МКК-ның «Габбасова» қазандығына - Магитсралдық жылу желілерін ауыстыру.

         Баспасөз турдың өтетін күні мен уақыты 2022 жылғы 26 тамыз,  сағат 16.00-де бару жоспарлануда:

- «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі №243а және Герцен көшесі №3А;

- «Теплокоммунэнерго» МКК-ның Семей қаласы, Ғаббасов көшесі №3.

         Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың өкілдерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7232) 26-37-40 телефонына хабарласуға болады.