
Мемлекет басшысының тарифті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалармен мен тарифтерді арттыруға қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылға коммуналдық қызметтер тарифтерінің жағдайы туралы брифинг өткізеді.
Брифинг Орал қаласы, Мұхит көшесі 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС-ң ғимараты, 1 қабат мекен жайы бойынша «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ақпараттық алаңында 2020 жылғы 11 ақпанда сағат 11-00 де басталады.