Павлодарлық департамент тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді

Павлодарлық департамент тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасы» ММ, «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Нұр Отан» партиясының ПОФ және «Атамекен» ҰКП ПОФ өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді, онда әрбір ниет білдіруші коммуналдық саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдары мен түсініктеме ала алатын болады.

Қабылдауға Павлодар облысының тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

            Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 11 ақпанда сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 4 қабат, 420 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 618237, 322505 телефондары арқылы алуға болады.