Түркістан облысының департаменті реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің жағдайы бойынша брифинг өткізді

Түркістан облысының департаменті реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің жағдайы бойынша брифинг өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минситрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті  2020 жылдың 7 ақпанында Мемлекет басшысының тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтердің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтерінің 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жергілікті атқарушы органмен, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыстағы 49 нарық субъектілерінің                       59 қызмет түрі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополия субъектілерінің тарифтері төмендетілді.

Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3,04 млрд. теңгені құрады.

Табиғи монополия субъектілерінің 2018 жылғы тарифтік сметаларының орындалуы есебіне жасалған талдаулардың қорытындысымен жалпы сомма 1 млрд 292  млн 948,4 мың. теңге көлемінде өтемдік тарифтер бекітіліп, халыққа төмендетілген тарифпен қайтарылды.

2018-2020 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламалардың жалпы сомасы шамамен 20,0 млрд. теңгені құрады.

Аталған инвестициялық бағдарламалар табиғи монополия субъектілерінің  үздіксіз, сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Табиғи монополия субъектілері бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау барысында 1519,8 шақырым инженерлік жүйелер жөндеуден өтіп, толығымен жаңартылады. Оның ішінде электр энергетика саласы бойынша 261,2 шақырым электр желілірі, 8,6 шақырым жылу жүйесі және 1250 шақырым су мен кәріз жүйелері күрделі жөндеуден өтіп толығымен жаңартылады.

жылумен жабдықтау қызметі бойынша.  

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2-24 пайыз аралығында тариф төмендетілсе, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылумен жабдықтау тарифтері орта есеппен 3-17% төмендеді.

сумен жабдықтау қызметі бойынша

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5– 14% аралығында тариф төмендетілсе, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  орта есеппен 1-2% төмендетілді. 

табиғи газбен қамтамасыз ету саласы бойынша

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың ішкі жүйелермен газды тасымалдауға бекітілген тарифі 12,7%-ға төмендетілген болатын, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа тариф 2,7 % төмендетілді.

Брифингте Департамент басшысы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді реттеу, тарифтердің өсуіне қарсы күресті күшейту, негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстарының   нәтижесінде 2020 жылға реттеліп көрсетілетін қызмет түрлеріне тарифтердің өспейтінін және де шекті бағалардан төмендетілгені туралы және уәкілетті орган әрі қарай да табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері  тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтып өтті.

Сонымен қатар, бұл тарифтердің 2018 жылғы қолданыстағы тарифтер деңгейінен төмен екенін атап өту қажет.