Ақтөбе облысының департаменті брифинг өткізді

Ақтөбе облысының департаменті брифинг өткізді

2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, жергілікті атқарушы органның және БАҚ қатысуымен брифинг өткізді..

            Брифинг барысында Департамент басшысың Нурлан Булатбаев  табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы, тарифтердің қазіргі уақыттағы жағдайы туралы айтып берді, сонымен қатар ол халық үшін сумен, жылумен жабдықтау, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтер  өзгеріссіз, бұрынғы  бекітілген деңгейде қалып отырғанын атап өтті.

            Сондай-ақ брифинге қатысушыларды  жария тыңдаулар өткізу арқылы  табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.

            Соңында Департамент басшысы  жалпы алғанда, уәкілетті орган әрі қарай да табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері  тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

            Кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді.