
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуантиров Әлібек Сәкенұлы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Сапар барысында Департамент қызметкерлерімен кездесті. Қарағанды және Ұлытау өңірлерінің түйткілді мәселелері талқыланды.
Жиынға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласының әкімі және Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы қатысты.