Алматы облысының департаменті брифинг өткізді

Алматы облысының департаменті брифинг өткізді

2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.

Брифингке Алматы облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бас маманы Қуандық Мухамедьяров қатысты.

Брифинг барысында Департамент басшысының орынбасары Думан Қалибеков  табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы, тарифтердің қазіргі уақыттағы жағдайы туралы айтып берді, сонымен қатар ол халық үшін сумен, жылумен жабдықтау, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтер  өзгеріссіз, бұрынғы  бекітілген деңгейде қалып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ брифинге қатысушыларды  жария тыңдаулар өткізу арқылы  табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.

Соңында Департамент басшысының орынбасары  жалпы алғанда, уәкілетті орган әрі қарай да табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері  тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

Кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді.