
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Энергосервис» ЕЖШС-нің электр энергиясымен жабдықтау қызметіне жобалық бағасың талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау 2020 жылдың 18 ақпанында сағат 11-00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі 24, «Достық үйі», конференц залы.
Жария тыңдауға депутаттар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және тұтынушылар шақырылады.
Анықтама үшін телефондар: 26-23-67, 27-79-74, 26-37-98.