
2020 жылдың 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, жергілікті атқарушы органның және БАҚ қатысуымен брифинг өткізді.
Департаменттің басшысы Болат Самбетов тарифтердің ағымдағы жағдайын атап өтті, оның ішінде 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 44,65 тг/м3-тен 42,86 тг/м3 дейін 4 пайызға сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін тарифтің төмендеуі туралы айтып берді, су бұру қызметі бойынша тарифтер бұрынғы дейгеінде қалдырылды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрмен жабдықтау тарифі 4,6 пайызға,яғни 16,36 тг/кВт.сағ-тан 17,12 тг/кВт.сағ дейін көтерілді. Бұл көтерілудің басты себептері: «Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтеріне тарифтердің 30% - ға, «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауға 12% - ға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға 2% -ға, «АЖК» АҚ қызметіне 6% көтерілуіне байланысты, және қуатты реттеу қызметі бойынша бағаның 5% - ға және электр энергиясын теңгеруге («KEGOC» АҚ) 11% - ға өсуі болып табылды.