
2022 жылғы 15 тамызда, жария тыңдауда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шманов ат. МАС-тағы мұнайды «Кенкияқ-Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю жөніндегі көрсетілетін қызметіне тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын қарады.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, барлық мүдделі тұлғалар жария тыңдауға онлайн режимінде қатысты.
Жария тыңдауда Тарифтік ведомствоның Мұнай және газды тасымалдау саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы Азамат Абиев төрағалық етті.
Азамат Абиев тыңдау қатысушыларын қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тариф және тарифтік сметаның жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін айтуға шақырды.
Бұдан әрі, жария тыңдау Төрағасы қатысушыларды тариф жобасымен таныстырып өтті.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шманов ат. МАС-тағы мұнайды «Кенкияқ-Атырау» мұнай құбырына ауыстырып құю қызметіне тариф және тарифтік смета 2021 жылы оңайлатылған тәртіппен бекітілген. Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларына сәйкес оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф қолданысқа енгізілген сәттен бастап 12 ай ішінде қайта қаралуға жатады.» - деді Азамат Абиев өз сөзінде.
Тыңдау барысында тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар тарапынан сұрақтар түскен жоқ.
Қорытындылай келе, Тарифтік ведомствоның өкілі барлығына қатысқаны үшін алғысын білдіре отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімін тиянақты қарау қорытындылары бойынша түпкілікті шешім ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.
Комитет жария тыңдауға қатысушылардың пікірлерін әрдайым ескеретінін және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтайтынын еске салады.