
2020 жылғы 6 ақпанда «Антикор» орталығының «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова «Nur-Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен тұтынушылар үшін қабылдау өткізді.
Қабылдауда Жобалық кеңсенің әлеуметтік желісі арқылы қойылған облыс орталығы тұрғындарының коммуналдық қызмет тарифтеріне, тұтынушылардың құқықтарына және коммуналдық сала кәсіпорындарының тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтары талқыланып, түпкілікті жауаптары берілді.