Павлодар облысының департаменті әкімшілік іс қозғады

Павлодар облысының департаменті әкімшілік іс қозғады

Жылумен жабдықтау параметрлерінің сәйкессіздігі мәселесі бойынша Екібастұз қаласы, М. Жүсіп көшесі, 36, Ломоносов көшесі, 31, Марғұлан көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан үйлер тұрғындарының мүддесінде кондоминиум объектісі өкілінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша табиғи монополия субъектісінің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғады.   

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Кодексінің 810, 811-баптарына сәйкес қысқартылған тәртіпте қаралды. Субъект 2 120 800 теңге көлемінде айыппұл төледі.