
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірқатар БАҚ-да «Шымсити» тұрғын үй кешеніндегі жылу тарифтерінің жағдайы бойынша айтылған ақпаратқа 2020 жылдың 4 ақпанында «Бірінші Евроазия» каналының өкілдеріне тиісті түсіндірме берген.
БАҚ-да аталған тұрғын үй кешеніндегі жылумен жабдықтау тарифтерінің жоғары екендігі айтылған.
«Шымсити» тұрғын үй кешені тұрғындары, жылумен жабдықтау қызметіне есептеуіш құралдарымен берілетін тарифтермен есеп айырысуға ынталы екенін айта кету керек. Қазіргі уақытта олар есептеуіш құралдары жоқ тұтынушыларға арналған тарифтер бойынша төлем төлеуде, яғни шаршы метр бойынша. Нақты тұтынылған тарифтер бойынша төлем төлеу мүмкіншілігі, жергілікті атқарушы органдармен есептеуіш құралдары орнатылғаннан кейін туындайды, өйткені ол үйлер жалдамалы үйлерге жатады.
Тұрғындар жақын уақыттан бері қоныстануына байланысты және құжаттар бумасы «Қуатжылуорталық-3» МКК-на кеш берілуінен, төлем түбіртектері бірнеше айларды қоса беріп жылыту маусымы басталғаннан кейін ұсынылған.
Жылумен жабдықтау қызметтер тарифтері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 22,2% төмендегенін ескерсек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер өзгеріссіз қалдырылды.
Уәкілетті орган, «Бірінші Евроазия» каналының 2020 жылдың 6 ақпанындағы шығарылымында, жылумен жабдықтау тарифтерінің жоғары екендігі туралы ақпараттың жалған екендігін жариялаған.
Уәкілетті орган «Бірінші Евроазия» каналының 2020 жылдың 6 ақпанындағы шығарылымында осы жағдайлардың жалған екендігі туралы жариялаған еді.