Елордалық департамент қала әкімдігінің алаңында брифинг өткізді

Елордалық департамент қала әкімдігінің алаңында брифинг өткізді

2020 жылғы 6 ақпанда  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан бойынша департаменті бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, табиғи монополиялар субъектілері өкілдерімен бірлесіп брифинг өткізді.

Брифинг барысында Департмент басшысы Булат Танабергенов табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы, тарифтердің қазіргі уақыттағы жағдайы туралы мәлімдей келе, жылу тарифтерінің 22% - ға жоспарлы жоғарылауы кезінде тарифтердің өсуі орташа 7,8% - ды құрады, оның ішінде халық үшін 5% - ды, өзге тұтынушылар үшін 10% - ды, сумен жабдықтау саласында да, халық үшін тарифтің жоспарлы артуы 17% - ға, қолданыстағы тарифтің өсімі 10% - ды, немесе-40,79 тг/м3, су бұру бойынша қолданыстағы тарифтен 10% - ға, немесе-34,86 тг/м3-ды құрғанын айта кетті.

Энергетика Министрінің м.а.-ның 2019 жылдың 23 қыркүйегіндегі № 313 бұйрығының негізінде, электрмен жабдықтау саласында тариф - 15,43 тг/кВтс болып мәлімдеген уақытта (қолданыстағы тарифтен 22% - ға өсу) орташа тариф - 14,10 тг/кВтс (қолданыстағы тарифтен 11,7% - ға өсу), оның ішінде халық үшін-11,36 тг/кВтс (қолданыстағы тарифтен 10% - ға өсу) басқа тұтынушылар үшін-16,87 тг/кВтс (қолданыстағы тарифтен 16% - ға өсу) құрады.

Сонымен қатар, бұл тарифтердің 2018 жылғы қолданыстағы тарифтер деңгейінен төмен, ал электр энергиясы бойынша 2016 жылғы деңгейден төмен екенін атап өту қажет.

Жоғарыда аталған тарифтер ҚҚС-сыз көрсетілген.