
2020 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жария тыңдау өткізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Игликова А.З.» ЖК-нің Қарқаралы қаласы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекітуге ұсынған өтінімін қызметтеріне бағаның алдағы уақытта өсетіні туралы хабарландыруды қарастыру бойынша жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.
Өтініш Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ бұйрығымен бекітілген Ережесiне сәйкес ұсынылған.
Жария тыңдау 2020 жылғы 12 ақпанында сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі 38 үй, мәдениет үйі.
Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-24.
«Игликова А.З.» ЖК байланыс телефоны : 8(701) 521-42-19.