Шымкент департаменті реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің жағдайы бойынша брифинг өткізді

Шымкент департаменті реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің жағдайы бойынша брифинг өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минситрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 6 ақпанында Мемлекет басшысының тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтердің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында қалалық коммуникациялар орталығы алаңында тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтерінің 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг жергілікті атқарушы органмен, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.