
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылға тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерінің жағдайы қатысты 2020 жылғы 6 ақпанда брифинг өткізді.
Брифингке Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, облыстыңтабиғи монополия субъектілері және облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Департамент басшысы Қайрат Уразбаев Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындар үшін коммуналдық қызметтерге тарифтердің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат жария етті, сонымен бірге аймақтағы тұрғындарға арналған тарифтер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданыстағы деңгейде қалды, яғни тұрғындар үшін тарифтердің көтерілуі байқалмады.
Сондай-ақ, табиғи монополия субъектілерінің «Усть-Каменогорские тепловые сети» АҚ, «Өскемен водоканал» МКМ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС және «Новая Согра» МКМ өкілдері халыққа бұрынғы деңгейде тарифтерді сақтау туралы және 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметаларды іске асыру аясында атқарылған жұмыстар және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы ақпаратпен сөз сөйледі.
