Қарағанды облысының департаменті брифинг өткізді

Қарағанды облысының департаменті брифинг өткізді

Бүгін, 2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінің алағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифинг барысында Департмент басшысы Арман Тұрсынұлы Өтегенов табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы, тарифтердің қазіргі уақыттағы жағдайы туралы айтып берді, сонымен қатар ол халық үшін сумен, жылумен, электрэнергиясымен  жабдықтау, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтер  өзгеріссіз, бұрынғы  бекітілген деңгейде қалып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ брифинге қатысушыларды «Монополист» акпараттық жүйесі, жария тыңдаулар өткізу арқылы  табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.