
2020 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Азамат Сабыржан азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдауға Бурабай ауданының тұрғындары Н. А. Трубе, Е. Н. Визнер, А. Г. Алимбаева келді.
Өтініш білдірушілердің негізгі мәселесі – 2020 жылға арналған коммуналдық қызметтердің тарифтері.
Қабылдау барысында басшының орынбасары әр қатысушыны тыңдап, әр мәселе бойынша толық түсініктеме берді.