
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «АтырауЭнергосату» ЖШС-ның электр энергиясына бағаның алдағы өсу туралы хабарламасын қарады.
Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай «АтырауЭнергосату» ЖШС-ы тұрғындарға тарифті 1 кВт/сағат үшін 5,99 теңге дейін немесе 37,7%-ға (1,64 теңге) өсіруді ұсынған болатын.
Хабарламаны қарау қорытындысы бойынша, Департамент "Атырау Энергосату" ЖШС үшін 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап орташа тариф 1 кВт/сағат үшін 15,07 теңгені немесе өсім 1,88 теңге, оның ішінде электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтерді көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін (жеке тұлғалар) – 4,55 теңге/кВтс немесе өсім 0,20 теңге, электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынушылар үшін (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын өзге тұтынушылар мен заңды тұлғалар) – 18,68 теңге / кВтс немесе өсім 1,58 теңге, электр энергиясын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін пайдаланатын тұтынушылар және «Атырау облысы Су арнасы» үшін – 15,07 теңге/кВтс немесе өсім 1,88 теңгені құрайтын болады.
Аталған өсім 2019 жылғы қазаннан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Электр станциялары үшін жаңа тарифтерді бекітуіне байланысты мәжбүрлі шара (Атырау облысы бойынша электр станцияларының бағалары 4-тен 13%-ға өсті) және 2020 жылдан бастап электр жүктемелерін көтеруге әзірлікті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасының 30% - ға жуық артуымен байланысты болып табылады.
Жаңа тариф бойынша орташа тұтыну айына 100 кВт, халық үшін төлем 2019 жылмен салыстырғанда 21,28 теңгеге жоғары болады, орташа тұтыну айына 150 кВт электр плиталарымен 34,16 теңгеге жоғары болады, ал электр плиталарысыз тиісінше 20,83 және 34,27 теңгеге жоғары болады.