
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Шатл» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді мен тарифтік сметаларды бекітуге берілген өтінімді талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау 2020 жылғы 10 ақпан күні, сағат 11:00 Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі 5 үйінде өтеді.
Осыған байланысты, Департамент ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: (87172) 49-69-43.