
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес, құжаттар тізімін толық ұсынбауына байланысты «Хабар Ахтал» ЖШС-ның электр энергиясын беру қызметіне тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге арналған өтінімді қараудан бас тартты.