
2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау жылу жүйелері» АҚ, «Атырау Жарык» АҚ, «Атырау Су Арнасы» КМК, «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ АӨФ-ы табиғи монополия және «Атырау Энергосату» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға ЖАО, БАҚ және "Nur Оtan" партиясының Атырау облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Қабылдауға қаланың 1 тұрғыны келді, оның сұрағы электр энергиясының бағасының көтерілуі жөнінде қатысты болды.