
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2020 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019жылғы 9 қыркүйектегі №35 нұсқамасын «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларының талабтарына сәйкес, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуды мәжбүрлеп орындату жөніндегі жауапкер «КазТрансГаз Аймак» АҚ-на қойылған талабы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сот талапкер -Департаменттің талабын қанағаттандырды.