
Бүгін, 2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.
Брифингке Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Айдархан Мусин қатысты.
Брифинг барысында Департмент басшысы Абай Балабеков табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне тарифтерді тежеу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы, тарифтердің қазіргі уақыттағы жағдайы туралы айтып берді, сонымен қатар ол халық үшін сумен, жылумен, электрэнергиясымен жабдықтау, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз, бұрынғы бекітілген деңгейде қалып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ брифинге қатысушыларды «Монополист» акпараттық жүйесі, жария тыңдаулар өткізу арқылы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.
Кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
