
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 4 ақпанда Ақтау қаласының тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға 8 адам келді.
Қабылдау өткізу барысында газ, электр энергия және жалпы тұрғын үй мұқтаждықтары бойынша сұрақтар қойылды.
Департамент қызметкерлері тиісті түсініктемелер берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік мекемеге тұрғындармен өзара іс-қимыл үшін қолжетімді болуға, қоғаммен және әлеуметтік әріптестермен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.